ЖАЗЫЛЫМДЫ қалай қосуға болады?

Қызметке қосу келесі тәсілдердің бірі арқылы жүзеге асырылады:

  • *370# теру жолымен USSD мәзірі арқылы
  • activ/Kcell сайттары немесе SuperApp арқылы
  • Лэндинг арқылы http://kidsecurity.activ.kz/


БҰЛ ҚАНША ТҰРАДЫ?

Алғаш қосқан кезде 7 күндік сынақ кезеңі қолданылады. Бұдан әрі тарифтеу жазылымның таңдалған түріне сәйкес жүргізіледі:

  • Күндізгі жазылым - тәулігіне 38 теңге, ҚҚС есебімен.
  • Айлық жазылым - айына 1140 теңге, ҚҚС есебімен.


Жазылым бойынша ҚАНДАЙ ФУНКЦИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУҒА БОЛАДЫ?

  • Баланың ағымдағы орналасқан жерін көрсету;
  • Сіздің телефоныңызға бала жібере алатын SOS сигналы;
  • Баламен сөйлесуге арналған чат.

Сондай-ақ Сіз келесі ақылы функцияларды пайдалана аласыз:


Егер балада Android болса:

  • Бала сіз орнатқан орындарға кетіп, келгенде хабарламалар алу
  • (мысалы: мектеп, үй, әже және т.б.);
  • Баланың бір күн ішінде және өткен 30 күн ішінде жүріп-тұру тарихын алу;
  • Бала телефоны дыбыссыз күйде болғанда да оған хабарласу мүмкіндігі;
  • Баланың айналасындағы дыбысты жазу - аудиожазба форматында, күніне шексіз аудиожазба саны;
  • Баланың айналасындағы дыбыс нақты уақыт режимінде (5 минут тегін, одан әрі функция жеке ақыға беріледі);
  • Баланың айналасындағы дыбыстарды жазу (функция жеке ақыға беріледі)
  • Баланың телефонындағы қосымшаларды пайдалану статистикасын қарау;
  • Үй, спорт, оқу бойынша қызықты және логикалық тапсырмаларды қалыптастыру;
  • Ойындар мен әлеуметтік желілерге уақыт лимиттерін белгілеу, сондай-ақ баланың телефонындағы жағымсыз қосымшаларға тыйым салу.
  • Қазіргі уақытта сөйлесулерді қарау және балаға әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кім жазып жатқанын көру.
  • Баланың телефонына ойындарға уақытша шектеулер қою.


Егер балада IOS болса:

  • Бала сіз орнатқан орындарға кетіп, келгенде хабарламалар алу
  • (мысалы: мектеп, үй, әже және т.б.);
  • Баланың бір күн ішінде және өткен 30 күн ішінде жүріп-тұру тарихын алу;
  • Бала телефоны дыбыссыз күйде болғанда да оған хабарласу мүмкіндігі.


БАЛАНЫҢ ҚОСЫМШАСЫ МЕН АТА-АНАНЫҢ ҚОСЫМШАСЫН ҚАЛАЙ БАЙЛАНЫСТЫРУҒА БОЛАДЫ?

Қызметті нөміріңізге қосыңыз.

Смартфонға "Kid security" қосымшасын орнатыңыз

Тіркеуден өтіңіз

Баланың телефонына немесе планшетіне "tigrow" қосымшасын орнатыңыз

Мәзірден «Баланы қосу» тармағын таңдаңыз. Одан әрі сервисті пайдалану шарттарын қабылдап, баланың жасын, жынысын және атын көрсетіңіз және мобильді қосымшаның дұрыс жұмыс істеуі үшін барлық қажетті рұқсаттарды беріңіз.

Сервис аясында бала девайстарының шектеусіз санын байланыстыруға, сондай-ақ екінші баланы қосу мүмкіндігі бар.


БАЛАНЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ НЕГЕ ДҰРЫС АНЫҚТАЛМАЙДЫ?

Баланың орналасқан жері GPS, Wi-Fi (iOS және Android құрылғылары) және мобильді желілер негізінде анықталады.

  • Геолокация көздері келесі кезекте пайдаланылады:
  • GPS - ең нақты орналасқан жерін береді, дәлдігі 5 метрден 100 метрге дейін;
  • Wi-Fi - орташа дәлдікті, 100 метрден 300 метрге дейінгі дәлдікті береді, сирек жағдайларда қателер болуы мүмкін;
  • Мобильді желілер - бала құрылғысының шамамен орналасқан жерін береді, дәлдігі қалада 300 метрден 1,5 шақырымға дейін және қала сыртында 10 шақырымға дейін.

Егер GPS-ті де, Wi-Fi-ді де пайдалану мүмкін болмаса, орналасқан жерін анықтау үшін мобильді желілер (LBS) пайдаланылады. Мобильді желі бойынша алынған орындардың дәлдігі төмен.

Орналасқан жері мобильді желі арқылы анықталғанда картадағы нүкте ұзақ уақыт жылжымауы мүмкін, сондай-ақ орындарға кіру және орындардан шығу туралы хабарламалар келмеуі мүмкін.


Жазылымды қалай өшіруге болады?

 Қызметті өшіру мына тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:

  • USSD-сұраным арқылы: *370*0# пәрменін жолдау.
  • activ/Kcell сайттары немесе SuperApp арқылы;

Пайдаланушының мобильді құрылғысынан «Kid Security» қолданбасын жою қызметтен бас тарту және тарифтеуді тоқтату фактісі болып табылмайды.