Сервис туралы
Бала тұтқаны көтермесе де, ол үшін алаңдамаңыз! "Kid Security" қызметімен:
- Баланың нақты уақыттағы орналасқан жерін және оның қозғалыс статистикасын бақылауға;
- Баланың айналасындағы дыбыс аудиожазба форматында және шынайы уақыт режимінде - ол қоңырауларға жауап бермеген кезде балада бәрі жақсы екенін білу үшін. (егер балада Android ОС базасында смартфон болса).
- "Kid Security" мобильді қосымшасының және баланың смартфонына орнатылған Tigrow қосымшасының чатында сөйлесуге болады - Tigrow қосымшасы "Kid Security" қызметінің бір бөлігі болып табылады және тегін ұсынылады;
- Картада қауіпсіз аймақтарды орнатуға және баланың оларға кіруі және шығуы туралы хабарлама алуға;
- Қажет болған жағдайда баланы құрылғыға қатты сигнал жіберуге;
- Баланың смартфонында мобильді қосымшаларды пайдалану статистикасын қарау;
- Мектеп, үй және спорт бойынша атқарған пайдалы істері үшін баланы виртуалды монеталармен марапаттау - ата-аналар виртуалды монеталарды нақты сыйлықтарға айырбастауға уәде бере отырып, баланы қосымша ынталандыра алады.
• Ойындар мен әлеуметтік желілерге уақыт лимиттерін белгілеу, сондай-ақ жағымсыз қосымшаларға тыйым салу (егер балада Android ОС базасындағы смартфон болса).
• Қазіргі уақытта сөйлесулерді қарау және балаға әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кім жазып жатқанын көру (егер балада Android ОС базасындағы смартфон болса).
- Ойындарды қолжетімсіз ететін уақытша шектеулер қою (егер балада Android ОС базасындағы смартфон болса).
Сервис Kcell және activ абоненттерінің барлық тарифтік жоспарлары үшін қолжетімді.
Қалай қосуға болады?
Мобильді қосымшада немесе activ/Kcell сайтында.
*370# ussd пәрменін теру арқылы
*370# қысқа нөміріне USSD-сұранымдарды теру тарифтелмейді.
Сервисті қалай пайдалануға болады?
Қызметті қосқаннан кейін Kid Security мобильді қосымшасын смартфоныңызға орнатыңыз, әрі қарай балаңыздың смартфонына Tigrow қосымшасын орнату бойынша қадамдық нұсқаулықтарға сәйкес әрекет етіңіз және бала құрылғысын белсендіру коды арқылы смартфоныңызбен байланыстырыңыз.
Бұл қанша тұрады?
Қызметке алғаш қосылған кезде Сізге абоненттік төлем алынбайтын 7 тәулік мөлшерінде Қызметті пайдаланудың байқау кезеңі беріледі. Сынақ кезеңі аяқталғаннан кейін жазылым шарттарына сәйкес абоненттік төлем теңгерімнен алынатын болады.
Егер абоненттік төлем алынбаса, сервисті пайдалану мүмкіндігі теңгерім жеткілікті сомаға толықтырылғанша тоқтатыла тұрады. Абоненттік төлемді уақтылы төлеу Сервиске қолжетімділіктің міндетті шарты болып табылады.
Қалай өшіруге болады?
Мобильді қосымшада немесе activ/Kcell сайтында.
*370*0# USSD пәрменін теру арқылы
Kid Security қосымшасын жою Сервис жазылымын өшіргеніңізді білдірмейтіндігін ескеріңіз.
Политика конфиденциальности
Редактируемый текст
Данный сайт использует Cookie
Редактируемый текст